Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 13 шетелдік мұғалім келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 13 шетелдік мұғалім келді

02.09.2015
Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 13 шетелдік мұғалім келді

Жаңа оқу жылында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының қатары 13 шетелдік маманмен толықты. Олар математика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен сабақ береді.

«Оқушылар жазғы демалыс кезінде Малайзияның Куала-Лумпур, Германияның Ахен, АҚШ-тың Стэндфорд, Лос-Анджелес қалаларында өткен халықаралық деңгейдегі элективті курстарға қатысып келді. Оқу ордасындағы шәкірттер мен ұстаздар қауымы арасында ағылшынтілді ортаны қалыптастыру мақсатында АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Филиппин, Жаңа Зеландия, Кения және Австралия елдерінен білікті мамандар шақырылды», - дейді білім беру мекемесінің баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебінде биылғы оқу жылында 619 оқушы білім алады.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу