Алматыда мұрағат мамандарының V халықаралық жазғы мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мұрағат мамандарының V халықаралық жазғы мектебі ашылды

15.06.2022

Алматыда мұрағат мамандарының V халықаралық жазғы мектебі ашылды. Дәстүрге айналған шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қытай, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінен 350-ден астам адам қатысты. Бұл мұрағат мекемелерінің мамандары үшін жаңа заманауи форматта кәсіби білім алатын алаң. Жазғы мектеп қатысушыларының цифрлы ақпарат пен электронды құжаттарды пайдалануда бір-бірінен үйренері көп. Құжаттарды электронды нұсқаға көшіріп, қажеттісін қиналмай тауып алуға мүмкіндік беретін цифрлы әдісті игеру, заман талабы. «Басты мақсат – заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалану мәселесіне ерекше көңіл аудару», -дейді ұйымдастырушылар.

Мұхаммед Жылгелдинов, ҚР Президенті архивінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы:
Кез келген мемлекетте, түрлі салада, оның ішінде, архив саласында цифрландыру, электронды құжаттар, құжат айналымы деген мәселелер өте өзекті болып тұр. Соған байланысты архив саласындағы заңнамаларды соған бейімдеу мақсатында осы шара ұйымдастырылып отыр.


Хабарламаларға жазылу