Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтын биыл 368 түлек тәмамдап шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтын биыл 368 түлек тәмамдап шығады

22.06.2015
Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтын биыл 368 түлек тәмамдап шығады

27 маусымда Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында жас лейтенанттарды шығарып салу салтанаты өтеді. 

Оқу орны өзінің 45 жылдық тарихында түрлі мамандық бойынша 12 мың офицер даярлап шығарды. Олардың барлығы қазіргі таңда еліміздің Қарулы Күштері мен ТМД елдерінің әскери құрылымдарында абыройлы қызмет атқарып жүр. Сонымен қатар, білім ошағы түлектерінің қатарында жоғары әскери атақтар мен мемлекеттік марапаттардың иегерлері де бар.

Институт Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына  мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери мамандарды бірлесіп даярлайтын оқу орындарының тізіміне енгізілген.  

Биылғы жылы білім ошағын 368 түлек тәмамдап шығады. Олардың арасында Қырғыз және Тәжікстан Республикаларының курсанттары бар.

Шараға жас лейтенанттардың ата-аналары мен туған-туыстары, ҚР Қорғаныс министрлігі мен жергілікті басқару органдарының өкілдері, соғыс және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысады.

Дипломдарды тапсыру салтанатынан кейін жылсайынғы дәстүр бойынша Жауынгерлік тумен қоштасу салтанаты ұйымдастырылып, «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі иегерлерінің есімдерін Құрмет тақтасына жазу рәсімі өтеді. 

Хабарламаларға жазылу