Қазақстан Қарулы күштерінің тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қарулы күштерінің тарихы

13.05.2018

Мұқым елдің мығым қалқаны Қарулы күштеріміздің тарихы, әлеуеті мен құрылымына тоқталайық. Мемлекет басшысы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның қарамағына ел аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Қорғаныс министрлігінің құрамында 3 құрылымдық әскер бар. Олар Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс және Әскери-теңіз күштері.

Құрлық әскерлері 2009 жылдың 20 сәуірінде құрылды. Міндеттері: Кез келген агрессияға тойтарыс беру;  елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету; Шекараның құрлықтағы бөлігін бекем ету; Бітімгершілік және өзге де тапсырмаларды орындау.

Әскери-теңіз күштері - 2003 жылдың 7 мамырында құрылды. Негізгі әскери қимыл аудандары - Каспий теңізінің шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің құрамында 14 кеме бар. Ақтаудағы 612-ші әскери базасы екі СУ-25, жеті СУ-27 шабуылдаушы ұшақтармен және 12 МИ-24 тікұшақтарымен жарақталған.

Әуе қорғаныс күштері 1998 жылдың 1 маусымында құрылды. Бұл – Қазақстан қорғанысының флагманы. Міндеттері: Елдің әуе шебін қорғау; Мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау. Әскери құрылым жылдамдығы дыбыстан да жоғары - МиГ-31, МиГ-29, МиГ-27 және Су-27 бомбалаушы, жойғыш ұшақтармен жарақталған.  

Хабарламаларға жазылу