Мәдениет Ешекеев – қазақтың дара дарыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет Ешекеев – қазақтың дара дарыны

16.06.2015
Мәдениет Ешекеев – қазақтың дара дарыны

Құлын дауысымен «Құлагерді» шырқап, халыққа танылған Мәдениет Ешекеевтің қазақ мәдениетінде алар орны бөлек. Жүсіпбек Елебековтің «Мәдениет Ешекеев – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұған дейін де жалғаса жатар. Әзірге, Мәдениет – жалғыз»,-деген бағалы сөздері осыған дәлел.

1936 жылдың 16 маусымында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген біртуар әнші халықтың айнасы болған өнерді биікке көтергендердің бірі.

Мәдениет Сейтжанұлы – халық әндерін өз ерекшелігімен, өзіндік мәнерімен шебер орындаушы. Ол әйгілі Жүсіпбек Елебековтің алғашқы шәкірттерінің бірі. Оның репертуарында қазақ халық әндерімен бірге Біржан салдың, Ақан серінің, Абайдың, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың және т.б. халық композиторларының әндері кең орын алды.

Оның ерекше нақышпен орындайтын әндер қатарына Кенен Әзірбаевтың «Бозторғайы», Әсеттің «Інжу-маржаны», Балуан Шолақтың «Ғалиясы» сияқты әндерді атауға болады.

Дархан дарынның орындаушылық өнері, қоңыр дауысы халық жүрегінде мәңгіге сақталады.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу