Назарбаев Университетінің түлектері Қазақстанды түбегейлі жаңартуға атсалысатындықтарына сенім білдіремін - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінің түлектері Қазақстанды түбегейлі жаңартуға атсалысатындықтарына сенім білдіремін - Елбасы

15.06.2015
Назарбаев Университетінің түлектері Қазақстанды түбегейлі жаңартуға атсалысатындықтарына сенім білдіремін - Елбасы

Назарбаев Университеті - «Мәңгілік елдің» маңдайалды білім беру ошағы. Бүгін оқу орнының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті түлектерінің Қазақстанды болашақта түбегейлі жаңартуға, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатындықтарына сенім артты.

«Еліміздегі әлемдік деңгейдегі тұңғыш Университет студенттерінің алғашқы легін біз үлкен өмірге шығарып салып отырмыз. Біз университетті құрғанда өз елімізде әлемдік деңгейдегі мамандар даярлауды жолға қоюды мақсат еткенбіз. Бүгін сол мақсат толық орындалды. Назарбаев Университеті толыққанды білім беру орталығына айналды. Білім беру ошағының түлектері болашақта Қазақстанды түбегейлі жаңартуға, «100 нақты қадамның» жүзеге асуына атсалысатындықтарына сенім білдіремін.

Баршаңызды осынау тарихи сәтпен және Университеттің алғашқы мерейтойы бес жылдығымен шын жүректен құттықтаймын», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

 

 

Хабарламаларға жазылу