Елбасы Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтады

28.05.2017

Елбасының Назарбаев Университетіне деген көңілі ерек, қамқорлығы бөлек. Жылда түлектерді мерейлі мезетпен құттықтауға арнайы келеді. Биыл да дәстүр үзілмеді. Президент тұла бойлары талап пен талантқа тұнған талапкерлерге табыс тіледі.

Жеті жыл бұрын ашылған альма-матер жылына 700-ден астам түлекті тегін оқуға қабылдайды. Әлемдік деңгейдегі дара университетке түсемін деушілердің саны әрине, бұдан әлдеқайда көп. 10 000-нан асып жығылады. Дегенмен, олардың бәрі бірдей түсе алмайды. Ұлт көшбасшысының есімін иемденген орданың атына білім салмағы сай болуы керек.

Британияның Оксфордын, АҚШ-тың Гарвардын естімеген жан сирек. Дәл осы сияқты енді Назарбаев Университеті де қазақтың білім жүйесінде брендке айналуы тиіс. Брендті түлектер жасайды. Сол үшін оларға қойылатын талап таудай.

Хабарламаларға жазылу