Елбасы Қазақстанда дипломатиялық миссиясын бастаған елшілерден Сенім грамоталарын қабыл алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстанда дипломатиялық миссиясын бастаған елшілерден Сенім грамоталарын қабыл алды

08.10.2018

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда дипломатиялық миссиясын жуырда бастаған бірқатар елдердің елшілерімен кездесіп, әрқайсысының қолынан Сенім грамоталарын қабыл алды. Рәсім барысында Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо, Испания Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Давид Артуро Карриедо Томас, Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман, Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Милан Коллар және Еуропа Одағының Төтенше және өкілетті елшісі Свен-Олов Карлссонға Сенім грамотасын тапсырды7

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті елші мырзалар, Сіздер халықаралық қатынастар жүйесі түбегейлі өзгеріске ие болғанын білесіздер. Жақында Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында кейбір елдер арасында «сенім дағдарысының» одан әрі өрши түскені анық байқалды. Өзара сенім орнықпаса, дағдарысқа қарсы кез-келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайтынын мен әрдайым айтып келемін.

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, оларға мемлекетаралық қатынастарды дамыту және оны одан әрі ілгерілету ісінде табыс тіледі. Әрі, Мемлекет басшысы халықаралық және өңірлік қақтығыстарды реттеу үшін Қазақстанның жүргізіп отырған көпвекторлық саясаты мен күш-жігерінің тиімділігін атап өтті. 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу