Президент Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом тапсырады

15.06.2015
Президент Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом тапсырады

Бүгін Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсіміне қатысады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық еткен. 2010 жылы Назарбаев Университеті алғашқы студенттерді қабылдады.

Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Хабарламаларға жазылу