Назарбаев Университетінің алғашқы шәкірттері диплом алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінің алғашқы шәкірттері диплом алды

15.06.2015
Назарбаев Университетінің алғашқы шәкірттері диплом алды

«Бұл біздің мемлекет бағындырған тағы бір шың», - деді Елбасы. Оқуда озған үздіктердің бір шоғырына дипломдарды Президент өзі тапсырды.

2010 жылы құрылған Назарбаев Университетіне елде тең келер оқу орыны жоқ, тіпті жаһанның үлкен оқу орындарымен иық теңестіреді.

Алдымен оқытушылар құрамы мықты әрі бакалавр, магистратура және доктарантура бағдарламалары да озық оқу орындарымен бірге әзірленген. Мемлекет басшысы жастарға сәттілік тіледі, ақыл-кеңесін айтты.

Хабарламаларға жазылу