Адамдарды жаңа жұмыс орнымен қамту бойынша аграрлық сектор алда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамдарды жаңа жұмыс орнымен қамту бойынша аграрлық сектор алда

01.01.2015
Адамдарды жаңа жұмыс орнымен қамту бойынша аграрлық сектор алда

2013-2014 жылдар аралығында (қыркүйек айы бойынша) ауылдық жерде жұмысшылар саны 62 мыңға (2,2 миллионға жетті), ал қалада 27 мыңға (3,9 миллионға жетті) артқан.  

Жаңа жұмыс орындарымен ең көп қамтылған аймақ – Алматы облысы. Бұл жерде ресми түрде жалақы алатын жалдамалы жұмысшылар саны 35 мыңға артып, жалпы 635,6 мың адамға жеткен. Олардың 76 пайызы ауылдық жерде еңбек етеді.

Астананың еңбек нарығы 18,6 мың жұмысшыға артып, 402,3 мыңға жеткен.

Ал, жұмысшылар саны артқан үшінші аймақ – Алматы қаласы. Мұнда жалдамалы жұмыс істейтіндер саны 17 мыңға артып, қазір олардың жалпы саны – 703 мың адам.

Жалпы, Қазақстан бойынша жалдамалы жұмысшылар саны 1,5 пайызға артып, 6,07 миллионға жеткен. 2013-2014 жылдың қыркүйегі бойынша аграрлық секторда жалдамалы жұмысшылар саны 35,6 пайыздан 36,1 пайызға артқан.

Хабарламаларға жазылу