Қазақстанда ақбөкендердің саны 334 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ақбөкендердің саны 334 мыңға жетті

24.12.2019
Қазақстанда ақбөкендердің саны 334 мыңға жетті

Елімізде ақбөкендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Бүгінде ақбөкендерді сақтау, өсімін молайту және санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оларды саны былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға өсіп, 334 мың басқа жетті», - деді министр.

Сонымен қатар Экология министрі ақбөкендерді аулау оқиғасының азаймай тұрғанын жеткізді. Мәселен, биыл 63 браконьерлік фактісі анықталып, 1058 мүйіз және 650 ұшасы тәркіленген.


Хабарламаларға жазылу