Еліміздегі шағын кәсіпорынның 20 пайызға жуығы Алматыда жұмыс істейді

17.09.2014
Еліміздегі шағын кәсіпорынның 20 пайызға жуығы Алматыда жұмыс істейді

Алматыда кәсіпкерлік секторы жандануда. 2014 жылдың шілде айы бойынша қалада ашылған шағын кәсіпорындардың саны 1,5 мыңға артқан.

Жалпы, Қазақстандағы шағын кәсіпорынның 20 пайызға жуығы оңтүстік астанада жұмыс істейді.

Бір айдың ішінде Қазақстанда ашылған шағын кәсіпкерлік 2,7 мыңға артқан. Бизнес-бірліктің өсімі еліміздің 14 аймағында байқалады.

Ал, шағын кәсіпорындардың ең төменгі көрсеткіштері Жамбыл облысында (3,2 пайыз), Маңғыстау облысында (3,5 пайыз), Атырау облысында (3,5 пайыз), Қызылорда облысында (3,8 пайыз) тіркелген.

Хабарламаларға жазылу