Боробудур – екі миллион тас бөлігінен құралған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боробудур – екі миллион тас бөлігінен құралған

12.06.2015
Боробудур – екі миллион тас бөлігінен құралған

Индонезияның Джокьякарта қаласы – мәдени  қала. Осы қалада орналасқан Боробудур Ғибадатханасының құрылысына 100 жыл кеткен. Яғни, 750 жылы басталып, 850 жылы аяқталған.

Экскурсия жүргізуші Арфан Ирванданың айтуынша, Боробудур  - қаладағы ең басты қонақжай орындардың бірі. «Мұнда әлем елдерінің туристері келеді. Жай күндердің өзінде 500 адам болса, демалыста күніне 12 мың туристке дейін келеді. Таудың етегінде орналасқандықтан, мұнда ауа ерекше таза. Ғибадатхана бірнеше рет қайта жөндеуден өтті»,-дейді.

Боробудур – екі миллион тас бөлігінен құралған. Жалпы салмағы 55 мың м², ал, ұзындығы – 118 метр. Бұл тарихи орын жұмысын таңғы сағат 06:00-ден бастайды. Өйткені, Ғибадатхананың ең биік нүктесінен күннің шыққанын тамашалауға адамдар өте көп келеді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу