«ДАИШ» қарулы тобының 200-ден астам мүшесі күрд отрядына берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» қарулы тобының 200-ден астам мүшесі күрд отрядына берілді

14.02.2019

Қаруын тастағандардың көбі – шетелдік содырлар. Олардың әйелдері мен балалары да соғыс жүріп жатқан ауданнан қашып жатыр. Босқындар жүк көліктерімен лагерлерге әкетілді.

Негізінен күрдтерден құралған Сирия демократиялық күштері «ДАИШ»-тың бақылауындағы соңғы анклав - Бағоз елді мекенін алу операциясын сенбі күні бастады. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, «ДАИШ» сол ауылдың басым бөлігінен айырылып, жеңілуге жақын. Егер күрд жасақтары Бағозды басып алатын болса, «ДАИШ»-қа қарсы төртжылдық ғаламдық соғыс науқаны аяқталады. Ал, Ирак үкіметі бұл топтың мүшелерін өз елдеріне репатриациялау мәселесін көтеріп жатыр. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, өз отандары қабылдамаса, шетелдік содырлардың 50 шақтысы Кубадағы Гуантанамо түрмесіне жеткізілуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу