Жаңа «Qazaq Аir» әуе компаниясының ұшақтары алғашқы рейсін 1 шілдеден бастайды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның трасформация бойынша дөңгелек үстелінде басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
«Компания жұмысы жанданып, ұшуға дайын болған кезде оны жекешелендіруге дайынбыз. Оның ұшақтары алғашқы рейстерін 1 шілдеде жасамақ», - деді Ө.Шөкеев. Оның айтуынша, сол уақытқа дейін «Qazaq Аir» мемлекеттік компания болып қала береді.
«Біз «Qazaq Аir» компаниясын әуелі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ретінде дамытуды көздедік. Алайда, жекеменшік иесі мемлекеттік компания есебінен ұшпақ. Бізде коммерциялық келісім болғандықтан мұндайға келіспедік. Сондықтан, 100 пайыздық мемлекеттік компанияны құру шешімін қабылдадық», - деді Ө.Шөкеев.