Қазгидромет: Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін

09.06.2015
Қазгидромет: Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін

Еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, тек республиканың батыс, солтүстік батыс және оңтүстік батысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 28 м/с болады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу