Басты Жаңалықтар Филиппиндегі мектепте атыс болды

Филиппиндегі мектепте атыс болды

Филиппин аралдарының оңтүстігіндегі мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты. 8 оқушы жараланған. 16 жастағы жасөспірім білім ордасына қару алып барып, оқ атқан. Ол кейін оқиға орнында өзіне қол жұмсады. Жараланған балалардың 4-нің халі мүшкіл. Оқиға Банга қаласындағы орта мектептердің бірінде болған. Аралдық мемлекетте маусым айынан бері білім ордасында атыс осымен үшінші рет тіркелді. Өткен аптада елде оқушыларды осындай оқиғалар кезінде қалай әрекет ету керектігін үйрететін жаттығулар өткізілген еді.


Бөлісу