Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 1 саты жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 1 саты жоғарылады

04.06.2015
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 1 саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлемдік футбол қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, 133 орынға көтерілді. Өткен айдағы рейтингте, 134 орында болатын.

Қазақстан Ұлттық құрамасы өткен айда Алматы Орталық стадионында Буркина-Фасо құрамсымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең тарқасқан.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 12 маусым күні Еуро-2016 іріктеу аясында Түркия құрамасына қарсы алаңға шықса, 16 маусым күні Кабо-Верде  құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

FIFA рейтингі (маусым 2015 жыл):

1 (1). Германия — 1775 ұпай
2 (3). Бельгия — 1509
3 (2). Аргентина — 1496
4 (4). Колумбия — 1435
5 (5). Бразилия — 1392
6 (6). Нидерланды — 1378
7 (7). Португалия — 1229
8 (8). Уругвай — 1183
9 (11). Франция — 1164
10 (10). Испания — 1147

 

38 (37). Кабо-Верде  — 746

57 (52). Түркия — 590

133 (134). Қазақстан — 195

Хабарламаларға жазылу