9 қараша, жексенбі, 2014 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 қараша, жексенбі, 2014 жыл

09.11.2014
9 қараша, жексенбі, 2014 жыл

Бүгін - Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні.

Бүгін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күн.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда белгілі кинооператор, Халық әртісі, Кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошталық маркасы шығарылды.

6 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші конгресі жұмысын бастады.

9 жыл бұрын (2005) Байқоңыр ғарыш айлағынан «Венера-Экспресс» еуропалық ғарыш аппараты бар «Союз-ФГ» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

10 жыл бұрын (2004) 9-11 қарашада Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық конкурсы өтті.

10 жыл бұрын (2004) Өскеменнің Өнер мұражайында «Самородок» ерікті суретшілер клубының беташар рәсімі болып өтті.

18 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
 

Хабарламаларға жазылу