«Динара – әйел сезімін батыл жаза алатын, бүкпесіз ақын. Мен Динараның махаббат жырларынан шығыс пен батыс әйелінің образдарын қатар көремін. Өмірдің әр сәтінде кездесетін сезім сергелдеңін шынайы жаза білетіндігі үшін де құрметтеймін»,-дейді ақын Асылзат Арыстанбек.
«Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2011 жылғы өткен әдеби конкурстың «Алтын қалам» иегері, Халықаралық «Махаббат жырлары» мүшәйрасының І орын иегері, ақын Динара Мәлік бүгінде көпшіліктің, әсіресе қыз-келіншектердің сүйіп оқитын ақынына айналды.
Жырлары сезімді тербейтін, лирик ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар.