«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Поэзия әлемі» атты жаңа жоба ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Поэзия әлемі» атты жаңа жоба ұсынады

13.08.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Поэзия әлемі» атты жаңа жоба ұсынады

16 тамыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартады.

 «Поэзия әлемі»  - бүгінгі қазақ ақындарының шығармашылығымен қатар, тыныс-тіршілігін, жеткен жетістіктерін  таныстыратын бірегей жоба.

Мақсат - өлең оқуда биік талғам қалыптастыру, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген есімдерді таныстыру, ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару.

Сондай-ақ, оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез-құлқы мен болмысын ашып көрсету.

«Поэзия әлемінің» өзге әдеби-танымдық бағдарламалардан ерекшелігі - жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді.

Жобаның алғашқы кейіпкері – ақын Маралтай Райымбекұлы.

Алғашқы хабарды 16 тамыз күні сағат 12.55-те тамашалай аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу