Петропавлда «Кредиттік серіктестіктердің даму жай-күйі мен келешегі» атты аймақтық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Кредиттік серіктестіктердің даму жай-күйі мен келешегі» атты аймақтық конференция өтті

05.06.2015
Петропавлда «Кредиттік серіктестіктердің даму жай-күйі мен келешегі» атты аймақтық конференция өтті

Бүгін Петропавл қаласында  «Кредиттік серіктестіктердің даму жай-күйі мен келешегі» атты аймақтық конференция өтті.

Конференцияға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, облыстық басқару ісінің өкілдері, «Даму» қорының, лизингтік компаниялар, халықаралық қаржы институттарының және ауыл шаруашылығы саласының  өкілдері қатысты.  

Жиын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның бірлескен «Ауылдық кредиттік серіктестер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» жобасы аясында ұйымдастырылды. 

Жобаның басты мақсаты - ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қаржы құралдарын белсенді пайдалануы үшін несие серіктестерінің қызметтік рөлін күшейту. 

Жоба аясында 27 мамырдан бастап, Солтүстік Қазақстан облысындағы КС қызметкерлері үшін арнайы курстар өткізілуде. Оқыту курстары 5 маусымға дейін жүргізіледі. 

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестер Қауымдастығы» ЗТБ 2013 жылдың 22 сәуірінде құрылған. Қауымдастық құрамына 131 несиелеу серіктестігі кіреді.

Міндеті - ауыл шаруашылығы саласының тауар өндірушілеріне қаржылық құрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

Хабарламаларға жазылу