Таразда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

02.04.2015
Таразда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

4 сәуір күні Тараз қаласында «Кредиттік серіктестіктердің даму жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында несие серіктестері қызметкерлері үшін облыстық конференция өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар: «Несие серіктестерінің агронеркәсіптік кешені» ЗТБ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ.

Жиын «Ауылдық несиелеу серіктестері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ.

Конференцияға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, облыстық басқару ісінің өкілдері, холдинг, корпорация, «Даму» Қорының, лизингтік компаниялар мен халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейлі банк өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы өкілдері, басқарма төрағалары мен осы салада қатысты еңбек етіп жүрген қызметкерлер шақырылған.

Хабарламаларға жазылу