Алматыда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

18.03.2015
Алматыда несие серіктестері қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

20 наурыз күні Алматы қаласындағы Қазақ аграрлы университетінде  «Несие серіктестерінің жағдайы мен даму келешегі» атты конференция өтеді.

Несие серіктестері қызметкерлеріне арналған шараны «Несие серіктестерінің агронеркәсіптік кешені» ЗТБ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ ұйымдастырып отыр.

Жиын «Ауылдық несиелеу серіктестері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы тауарөндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қаржы құралдарын белсенді пайдалануы үшін несие серіктестерінің қызметтік рөлін күшейту. 

Конференцияға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, холдинг, корпорация, «Даму» қорының, лизингтік компаниялар мен халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейлі банк өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы өкілдері, басқарма төрағалары мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер шақырылған.  

Хабарламаларға жазылу