Астанада «Ұжымдық еңбек дауын шешу. Тәжірибелер мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
Конференцияға 18 елдің, халықаралық кәсіподақ конфедерацияларының, Халықаралық еңбек ұйымының, Жалпыға бірдей кәсіподақ конфедерациясы және Фридрих Эберт қорының басшылары мен өкілдері қатысады.
Конференция аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы мен Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы, Әзірбайжан кәсіподақтар конфедерациясы арасында меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
Ал, осы жылдың 10 маусымында ҚР кәсіподақтар федерациясының съезі жоспарлануда. Жиында өткен 5 жыл қорытындысы мен келер 5 жылдық жоспар, оның ішінде жұмысшылардың құқын сақтау, әлеуметтік диалог құру үрдісін күшейту мәселелері талқыланбақ.
Айта кетейік, бір жыл бұрын «Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заңы қабылданған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08