Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
Астанада өтіп жатқан бадминтоннан халықаралық турнирдің бірінші кезеңінде жекелей ерлер категориясы бойынша жерлесіміз Дмитрий Панарин алда келеді. Және ол ең үздік 16 ойыншы қатарына енді. Бірақ финалға өту үшін әлі екі кезеңді еңсеру керек. Жалпы, әлемдік додада Қазақстан атынан 26 ойыншы бақ сынауда. Еліміз үшін бұл - әлемдік деңгейдегі үшінші турнир. Оған 43 мемлекеттен 200-дей спортшы қатысып жатыр. Сарапшылар бұл турнирді маусымның айтулы жарыстарының бірі және Бадминтонның Дүниежүзілік федерациясының ресми күнтізбесіне енген маңызды спорттық оқиға деп бағалап отыр. Халықаралық турнир 21 желтоқсан күні мәресіне жетеді.
Дмитрий Панарин, «Astana International Challenge 2025» халықаралық турнирінің қатысушысы:
Қарсыласым - Үндістан ойыншысы. Осал емес. Оның ойын стилі мен үшін ыңғайсыз болды. Соған қарамастан жеңдім. Әсіресе екінші сет оңай болған жоқ. Бірақ өзіме деген сенімділік мені жеңіске жетелеп келеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16