Басты Жаңалықтар Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті

Елімізде жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 процентке өсті. Осылайша, өндіріс көлемінің жалпы құны 27 трлн теңгеден асып отыр. Әсіресе металлургия мен көлік құрастыру саласында, химия өнеркәсібінде және құрылыс материалдарын өндіруде оң динамика байқалады. Жылды қорытындылаған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жоспарланған 190 жобаның 173-і іске асқанын айтты. Нәтижесінде 12 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Жобалар ішінде жеңіл  өнеркәсіптің де үлесі зор.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

Шұлық шығару зауыты бар. Сонымен қатар аллюминийден шығаратын радиатор бар. Экономиканы дамыту үшін сондай жобаларға да атсалысып жатырмыз.

2029 жылға қарай 111 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Сондай-ақ 2029 жылға қарай 111 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтарды жалға берілетін тұрғын үймен қамту мәселесі де сөз болды. Осы мақсатта жыл басынан бері 7 мыңнан аса пәтер кілті табысталды. Және тұрғын үй кезегінде тұрған 10 мыңнан астам мұқтаж жандарға жеңілдіктілген ипотекалық несие берілді.


Бөлісу