Суретші Рафаэль Слекенов Римнен жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретші Рафаэль Слекенов Римнен жүлделі оралды

04.06.2015
Суретші Рафаэль Слекенов Римнен жүлделі оралды

Халықаралық «Rome-2015» Биеннале өнерін ұйымдастыру комитеті атыраулық Рафаэль Слекеновті «Шығарма стилінің бірегейлігі үшін» арнайы дипломмен марапаттады.

Римде өткен  байқауға 45 елден келген 800-ден астам қылқалам шебері қатысты. Қазақ елі атынан Қазақстан Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі, «Тарлан» Ұлттық сыйлығының лауреаты, MircaArtGroup халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі, суретші Рафаэль Слекенов  барды.

Туындылары Еуропа жұртшылығының ерекше  қызығушылығын тудырған Рафаэль арнайы дипломнан бөлек, Римде және Аргентинада жеке көрмесін ұйымдастыруға мүмкіндік алды.

Фестиваль қорытындысы бойынша Миландағы Халықаралық заманауи өнер қоры «Өнер тарихын қалыптастыратын бүгінгі суретшілер» каталогын шығаруды жоспарлап отыр.

Оған Рафаэльдің де жұмыстары енбек.

Хабарламаларға жазылу