Елордалық оқушылар Испаниядан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушылар Испаниядан жүлделі оралды

13.11.2014
Елордалық оқушылар Испаниядан жүлделі оралды

Елордалық оқушылар Испанияда футболдан халықаралық чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Жас футболшылар «Депортиво Нумансия» футбол клубының 70 жылдығына орай балалар арасында өткен халықаралық турнирде ІІ орын алды.

 «Депортиво Нумансия» клубының директоры Сесар Паласиос қазақстандықтардың бұл сапары қабылдаушы тарап үшін де маңызды екенін атап өтті. 

«Бұл екі мемлекет арасындағы маңызды мәдени алмасу, жас футболшылар үшін испандық футболдағы жаттығулар, міндеттер туралы білу, сонымен қатар, балалар футболын дамытудың бапкерлік әдістерімен танысу мүмкіндігі», - деді Паласиос.

Өз кезегінде, астаналық №8 МОРБЖСМ бапкері Виктор Балтабаев испандық балалар футболының даму ерекшеліктерін атап өтіп, осы сапарды ұйымдастырғандары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу