Қазақстанда Ресейдің «Шығыс» ғарыш айлағы үшін мамандар даярланбақ - Дмитрий Рогозин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Ресейдің «Шығыс» ғарыш айлағы үшін мамандар даярланбақ - Дмитрий Рогозин

03.06.2015
Қазақстанда Ресейдің «Шығыс» ғарыш айлағы үшін мамандар даярланбақ - Дмитрий Рогозин

«Байқоңыр» ғарыш айлағының мамандары Қазақстанда Ресейдің «Шығыс» ғарыш айлағы үшін қызметкерлер даярламақ. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Дмитрий Рогозин мәлімдеді.

 «Қазақстан мен Ресей үшін «Байқоңырдың» маңызы зор. Ғарыш айлағы басқарылатын халықаралық ғарыштық бағдарламалар үшін әлі де ұзақ уақыт бойы пайдаланылады. Сондай-ақ, «Байқоңыр» мамандары ресейлік ғарыш айлағы үшін қызметкерлерді көптеп даярлайтын болады», - деді «Байқоңыр» ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған жиында Дмитрий Рогозин.

«Шығыс» ғарыш айлағы Ресейдің Қиыр Шығысындағы Углегорск елді мекенінің маңына салынады. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қараша айында аяқталмақ. 

Айлақтан тасымалдағыш зымыранның алғашқы ұшырылуы биылғы жылға жоспарланған. Ал, басқарылатын ғарыштық кеме 2018 жылы ұшырылады.  

Жиында сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыш кешенін құру мәселелері талқыланды. 

Хабарламаларға жазылу