«Байқоңыр: аңыз бен ақиқат». Арнайы жоба  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байқоңыр: аңыз бен ақиқат». Арнайы жоба 

13.12.2016
«Байқоңыр: аңыз бен ақиқат». Арнайы жоба 

Кеңес үкіметі кезінде қыруар қаржы жұмсалып, жердің кіндігіне Байқоңырға ғарыш айлағын салған. Байқоңыр қазақтың ғана емес, әлемнің игілігіне айналды. Адамзат ғарышты зерттеуге алғаш рет Байқоңырда мүмкіндік алды.

Кеңес одағы тарап, Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағы  еліміздің меншігі болып жарияланды.  1994 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды. 

Адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де пайдасы зор «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы арнайы хабарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу