Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздейді

03.12.2014
Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздейді

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысында Ресей Федерациясы премьер-министрінің бірінші орынбасары Олег Шувалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында ғана Байқоңырды дамыту бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Ресей тарапынан комиссия делегациясын вице-премьер Дмитрий Рогозин басқарады. Байқоңыр инновациялық орталық ретінде дамитындығына үміт артудамыз. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы да дамытылатын болады. Ресей Федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту бойынша үлкен жоспарлар құруда. Ресей президенті «Восточный» жаңа ғарыш айлағына көп қаражат бөлінетіндігіне қарамастан, Қазақстанмен бірге Байқоңырдың дамуына да үлкен инвестициялар құйылатынын әрдайым айтып келеді», - деп атап өтті ол.

Хабарламаларға жазылу