Хасен Зәкария: «Достарым» әні халық арасына тез тарап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хасен Зәкария: «Достарым» әні халық арасына тез тарап кетті

03.06.2015
Хасен Зәкария: «Достарым» әні халық арасына тез тарап кетті

Жанар Айжанованың орындауындағы «Достарым» әні композитор Оралхан Көшеров пен ақын Хасен Зәкарияның төл туындысы. «Таңшолпанға» келген ақын, журналист Хасен Зәкария  осы турасында әңгіме өрбітті.

«Бұл әнді Қазақстан халқы ғана емес, шеттегі қазақтарға да кең тарап кетті. Әрине, бұл – біз үшін мерей. Дарынды композитор Оралхан Көшеровпен 20 жыл бірге жүрдік. Мен оның сегіз әніне өлең жаздым. Марқұмның соңында 52 әні қалды»,-дейді.

«Ал, әннің тарихына келер болсақ, сол кездері үлкен байқау болды. Сонда Оралхан аяқ астынан қатты сырқаттанып қалады. Дәрігерлер дереу операция жасау керектігін айтады. Содан әншілер, журналистер бірігіп жүріп, демеуші тауып,  Оралханға қолдау білдірдік. Көп ұзамай сазгер ортамызға оралды.

Бір күні жағдайын сұрай барсам, «менің жанымды алып қалған алдымен Алла, сосын достарым. Осы достарға арнап бір өлең жазшы, әдемі ән туғалы тұр. Достарға деген бар пейілімді сол ән арқылы жеткізгім келеді»,-деді.

Ол кісі екі ай ауруханада жатқанда, достары күн сайын жағдайын сұрап келіп тұрған.  Осылайша, «Достарым» әні жарыққа шықты. Ән халық арасына тез тарап кетті»,-дейді Хасен Зәкария.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу