Ол қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан жандардың бірі.
Ғалымның қаламынан туған қадау-қадау зерттеулер мен сыни еңбектер, монографиялар, аудармалар – қазақ руһанияты мен әдебиетінің алтын жауһарына айналып үлгерді.
«Қаламын бір сәтке де тастаған емес. Шығармалар жинағы, «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбектері Рымғали Нұрғалидің Алаш қайраткерлеріне деген көзқарасын білдіреді.
Әсіресе, Тәуелсіздік алған тұстары ерекше еңбек етті. Әлихан Бөкейханның еңбектерін жинақтады, басқа да алаштықтар туралы шығармалар жазды»,-дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпы сбаев.
Рымғали Нұрғалидің еңбектері қазақ әдебиеті мен драматургиясының тарихына, теориясына, сонымен қатар, оның жанрлық жүйесі мен поэтикасына арналған. Тынымсыз еңбек пен ізденістің арқасында ғалым соңына іргелі дүниелер қалдырды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.