Еңбек Ерлерінің галереясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек Ерлерінің галереясы ашылды

07.02.2014
Еңбек Ерлерінің галереясы ашылды
Елімізде тұңғыш рет еңбек ерлерінің галереясы ашылды. Бүгін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде ауыл шаруашылығы өндірісі мен ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан 32 Еңбек Ерінің картинасы ілінді.
 
Салтанатты шара - Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясында нақтыланған міндеттемелерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, оған ұстаздар, студенттер мен еңбек ардагерлерінің ұрпақтары қатысты.
 
Айта кету керек, галереяда суреттері ілініп, есімдері жазылған Еңбек Ерлерінің басым көпшілігі кезінде аталған оқу орнында білім алған түлектер. Сондықтан, бұл игі бастама аграрлы еліміздің ертеңін қолға алар келешек мамандар үшін маңызы зор дейді, ұжым басшылығы.
 
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры:
Мына тұлғалар арқылы жастарды тәрбиелейміз. Осы кісілердің еңбек жолы, өмірдегі үлкен азаматтығы, үлкен көрегендігі, тектілігі, білгендігі арқылы сол кісілердің негізінде балаларға халқына қызмет етудің ерекше бір жолын іздеп, бүгін міне, галереяны ашып отырмыз.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу