Ұлттық музейде Бақыт Қайырбековтың «Аспанның мәңгілік назарында» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде Бақыт Қайырбековтың «Аспанның мәңгілік назарында» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

05.02.2016
Ұлттық музейде Бақыт Қайырбековтың «Аспанның мәңгілік назарында» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

Бүгін сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтың авторлық жобасы «Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды.

Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық туынды болып есептеледі.

Хабарламаларға жазылу