Ролан Гаррос-2015. Зарина Диас үшінші айналымға шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ролан Гаррос-2015. Зарина Диас үшінші айналымға шыға алмады

29.05.2015
Ролан Гаррос-2015. Зарина Диас үшінші айналымға шыға алмады

Францияда (Париж) өтіп жатқан теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Зарина Диас бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен күш сынасып, 6:0, 1:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Зарина бірінші айналымда әлемнің 142 ракеткасы германиялық Дина Пфиценмайермен кездесіп, екі сетте — 6:4, 6:1 есебімен ұтқан.

Сондай-ақ, Зарина Диас жұптық бәсекеде қытайлық И Сюймен бірге екінші кезеңге шыққан.

Айта кетейік, ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетті.

Хабарламаларға жазылу