Бүгін қазақстандық теннисші Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінде Симона Халепке қарсы кортқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қазақстандық теннисші Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінде Симона Халепке қарсы кортқа шығады

25.05.2016
Бүгін қазақстандық теннисші Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінде Симона Халепке қарсы кортқа шығады

«Ролан Гаррос» турнирінде алғашқы болып қазақстандықтардан Зарина Диас  шығады. Қарсыласы – румыниялық Симона Халеп. Бұған дейін екі теннисші 2 рет кездесіп, екеуінде де румыниялық теннисші жеңіске жеткен.

Ойын бүгін Астана уақытымен сағат 15:00-ге жоспарланған.

Жұптық бәсекеде тағы екі қазақстандық теннисші шығады. Юлия Путинцева латыш спортшысы Елена Остапенкомен жұптасып апалы-сіңілі Уильямстарға қарсы ойнайды.

Ал, Ярослава Шведова мен венгриялық теннисші Тимеа Бабош Арина мен Анастасия Родионовалармен сынға түседі.  

Хабарламаларға жазылу