Астана қаласында 2015 жылдың 25-29 мамыр (қоса алынады) аралығында --өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізілуді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«ҚИК» АҰ» АҚ-мен кейіннен сатып алумен жалға беруді іске асыру үшін 52 пәтер қарастырылған, оның ішінде:
23 – бір бөлмелі пәтер, ауданы 39,2-ден 42,1 ш.м. дейін;
25 - екі бөлмелі пәтер, ауданы 58,7-ден 69,5 ш.м. дейін;
4 – үш бөлмелі пәтер, ауданы 75,2-ден 79,1 ш.м. дейін.
Бағдарламаның бұл бағытына қатысу үшін төмендегі санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұлғалар қатыса алады:
- көп балалы отбасылар,
- толық емес отбасылар,
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар,
- жетім –балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
- оралмандар,
- мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер,
- арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭСҚ) пайдаланумен жүргізіледі.
Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.
Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 29 мамырда сағат 00:00 аяқталады.
Бағдарламаға қатысу талаптары, құжаттар тізбесі және өтініш беру бойынша нұсқаулық Тұрғын үй басқармасының www.uzh.kz. ресми сайтында жарияланған.