Талдықорғанда бокстан ҚР Спартакиадасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда бокстан ҚР Спартакиадасы аяқталды

26.05.2015
Талдықорғанда бокстан ҚР Спартакиадасы аяқталды

Мамырдың 21-26 аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» сарайында еліміздің барлық облысынан келген 150 боксшы 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бір айта кетерлігі, биылғы Спартакиадаға еліміздің бірінші нөмірлі боксшыларынан тек 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы ғана қатысты. Қалған боксшылар WSB және APB жобасына қатысатындықтан бұл турнирден босатылған.

Спартакиаданың ширек финалынан финалға дейін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектердің қайталауын «KAZsport» телеарнасынан бүгін  21:10-да тамашалай аласыздар.

Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары төмендегідей:

49 келі:

І орын: Мардан Берікбаев (Алматы обл)

ІІ орын: Жомарт Ержан (ОҚО)

ІІІ орын: Ермек Мәдиев (Жамбыл обл)

ІІІ орын: Бағдат Толыбаев (Алматы қ)

52 келі:

І орын: Азат Махметов (Астана қ)

ІІ орын: Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл)

ІІІ орын: Мирас Жақыпов (ШҚО)

ІІІ орын: Ануар Музапаров (Алматы қ)

56 келі:

І орын: Дидар Өтелбаев (Алматы обл)

ІІ орын: Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл)

ІІІ орын: Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл)

ІІІ орын: Мадияр Жанұзақ (Астана қ)

60 келі:

І орын: Ержан Мусафиров (Карағанды обл)

ІІ орын: Жақсылық Ильясов (ШҚО)

ІІІ орын: Роман Щегринов (Алматы обл)

ІІІ орын: Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)

64 келі:

І орын: Алмасбек Әлібеков (ОҚО)

ІІ орын: Сабыржан Бақбергенов (Ақмола обл)

ІІІ орын: Мақсат Жексенбі (Карағанды обл)

ІІІ орын: Айдар Әмірзақов (ШҚО)

69 келі:

І орын: Бекзод Халметов (ОҚО)

ІІ орын: Азамат Досмағанбетов (Атырау обл)

ІІІ орын: Ернар Ешенов (Алматы обл)

ІІІ орын: Әділет Дамешов (Ақтөбе обл)

75 келі:

І орын: Жәнібек Әлімханұлы (Алматы обл)

ІІ орын: Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл )

ІІІ орын: Алмасбек Орынғалиев (БҚО)

ІІІ орын: Манат Өмірзақов (ШҚО)

81 келі:

І орын: Арман Рысбек (Алматы обл)

ІІ орын: Шаймұрат Құсайнов (Павлодар обл)

ІІІ орын: Әліби Нұрматов (Алматы қ)

ІІІ орын: Нұрбол Алтаев (ОҚО)

91 келі:

І орын: Рахман Әлжанов (Атырау обл)

ІІ орын: Арбек Абдуғаниев (Алматы обл)

ІІІ орын: Олжас Букаев (Павлодар обл)

ІІІ орын: Алексей Севостьянов (Карағанды обл)

+91 келі:

І орын: Қамшыбек Қоңкабаев (Кызылорда обл)

ІІ орын: Нұржан Бекзатов (ОҚО)

ІІІ орын: Әли Балоев (Алматы обл)

ІІІ орын: Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл обл).

Хабарламаларға жазылу