Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

04.12.2014
Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Бокстан Таразда ел біріншілігі мәресіне жетті. Жарысқа 190 аса былғары қолғап шебері қатысып, бақтарын сынады. Мамандардың айтуынша, биылғы жарыс өте тартысты, әрі ерекше өтті.

Бір қуанарлығы, спортшылардың шаршы алаңда шапшандықтары анық байқалады. Финалдық кездесуде 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов айқын басымдықпен жеңіске жетсе, 52 келіде Олжас Сәттібаев, 60 келіде Закир Сафиуллин үздік болды.

Ал, Мейірім Нұрсұлтанов 75 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ауыр салмақтағы боксшылардың да кездесуі талайды тәнті етті. 91 келіде Алмат Серімов қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді, чемпионаттың аса ауыр салмақтағы кездесуі Руслан Мырсатаевтың пайдасына шешілді. Енді жеңімпаздардан Ұлттық құрама сапы қайта жасақталмақ.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу