Оразақын Асқар: Мен бақытты ақынмын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразақын Асқар: Мен бақытты ақынмын

24.05.2015
Оразақын Асқар: Мен бақытты ақынмын

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда дүниеге келген.

Ең алғашқы жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. 

Ақын ұзақ жылдар бойы ел ішінен қазақтың қара өлең түрлерін жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады.

Балаларға арналған «Таудай бол», «Қос қоңырау» «Жарапазан», «Суретті өлең әліппе», «Әріптер әлеміне саяхат» еңбектерінің авторы.

1996 жылдан бастап,  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарымен марапатталған.  

Қаламгер шығармашылығы туралы бүгін, сағат 13:45-те Ұлттық арнаның «Келбет» бағдарламасы сыр шертеді.  

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу