«Төрлет, әз-Наурыз» жыр кеші өтті
Жақсылыққа жаршы болған Наурызнама мерекесі айдың соңғы күнінде де жалғасын тапты. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Әдебиетшілер үйінде «Төрлет, әз-Наурыз» атты жыр кеші өтті.
Кеш шымылдығын Алашқа танымал ақын Ғалым Жайлыбай ашты. Сондай-ақ, Оразақын Асқар, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, Маралтай Райымбекұлы сынды есімі елге танымал ақындар өлеңдерін оқыды.
Ақындарға Наурызнамаға арнаған бір өлеңі мен сиясы кеппеген жырын оқу шарты қойылды. Дәстүрді ұлықтаған өршіл өлеңдермен өрілген әдеби кеш жырсүйер қауымның жанын жадыратты.
Оразақын Асқар, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
Наурызда жақсы тілек, бата айтылады. Сол Наурызға жазған бір өлеңімде:
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Ұмытылсын өкпе-наз,
Көңілде кір қалмасын.
Келері көп, өткені аз,
Жақсы тапсын жалғасын.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29