Ақын Оразақын Асқар дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Оразақын Асқар дүниеден озды

24.01.2019

Қазақтың белгілі ақыны Оразақын Асқар 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол жылдар бойы қазақтың қара өлеңін ел ішінен жинап, екі томын жарыққа шығарды. «Әдеби мұра» бағдарламасы аясында «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына белсене атсалысты. Оның қазақ поэзиясында өзіндік ізі бар еді. Жолды көмескілемейтін, өзін-өзі жұрт көзіне баспайтын, баяу болғанымен, терең ағысты, ойлы шығармашылығы оқырманның жүрегінен нықтап орын алған.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу