Жақын арада академия Өскеменде құрылатын болады. Оның ойдағыдай ұйымдастырылуы мен толыққанды жұмысы үшін шетелден мамандар тартылғалы отыр. Қазіргі уақытта испан немесе неміс футболының жарқын тәжірибелерін қолдану мәселелері қарастырылуда. Жоспар бойынша, шетелден келген жоғары білікті мамандар 5 жыл бойы дарынды спортшыларды дайындап, шеберліктерін өзіміздің жаттықтырушылармен бөлісетін болады.
«Біз ең алдымен балалар футболын дамытпай ешқашан биік белестерді бағындыра алмаймыз. Әлемдік тәжірибе осыны көрсетіп отыр. Академия құрылып, жоспар бойынша жұмыс істесе біздің балалар жоғары кәсібилікке, жоғары білімге, сапалы медициналық қызметке ие болады. Біз тек қана ірі спорттық сайыстардың жеңімпаздарын ғана емес, ең бірінші өз Отанымыздың жігерлі азаматтарын тәрбиелеп, жетілдіруге ниеттіміз», – деді облыс әкімі.