Бас прокурор Жақып Асанов ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокурор Жақып Асанов ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті

10.04.2017

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов пен Бас прокуратура академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров бүгін жұмыс сапарымен Австрия астанасы Венаға барды. Сапар барысында Бас прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті.

Кездесуде Жақып Асанов ұйым басшысына жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы өңірлік хаб құрылатынын жеткізді. Хаб Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясы жанынан құрылады. Онда Орталық Азия мен ТМД елдерінің мамандары қазақстандық әріптестерімен терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, адам саудасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп күресу жолдарын игеріп, білімдерін жетілдіреді. ЕЫҚҰ Бас хатшысы аймақтық хаб жобасын қолдап,  ұйым тарапынан қолдан келген көмек көрсетілетінін мәлімдеді. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу