«АЛЖИР»-дің атақты есімдері» көрмесі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АЛЖИР»-дің атақты есімдері» көрмесі жұмысын бастады

20.05.2015
«АЛЖИР»-дің атақты есімдері» көрмесі жұмысын бастады

Бүгін «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде тұтқында болған әйелдердің суреттері жинақталған көрме жұмысын бастады.

Көрме қонақтары 8 маусымға дейін «Отанын сатқан» деп әділетсіз айыпталған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері, аналары мен қарындастарының суреттерін көре алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Экспозицияда саяси репрессиялар мен тоталитаризм құрбандары болған Бейімбет Майлиннің жары Гүлжамал Майлинаның, Тұрар Рысқұловтың жары Әзиза Рысқұлованың, сонымен қатар, Майя Плисецкая, Лидия Русланова, Гуляндам Ходжанова, Зуфнун Нұрмақова, Дәмеш Жүргенова, Марьям Есқараева, Рәзия Меңдешева, Лидия Френкель, Зағфи Тналина және т.б суреттері бар.

Айта кетейік, КСРО ІІХК 1937 жылғы 15 тамыздағы №00486 бұйрығымен қоғам қайраткерлерінің отбасыларының мүшелері жаппай қудалауға ұшырады.

Бұл құжат кінәсіз жандарды түрмеге қамап, ең алдымен қайраткерлердің жұбайларын лагерьлерге айдауға түрткі болды.

Қысқа мерзімнің ішінде 18 мың әйел қамауға алынды. Олардың 8 мыңы мерзімдерін Ақмоладағы лагерьде өтеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу