8 маусым күні «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі сахналанады.
Ертегі - симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық шығарма. Қойылым кейіпкерлері - музыкалық аспаптар.
Концерт кезінде балалар көңілді ойындарға қатысады. Сондай-ақ, симфониялық оркестр аспаптарымен танысады.
Айта кетейік, мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-5 сынып оқушыларына арналған ертегі 8 маусым күні сағат 12:30-да қазақ тілінде, ал 11:00-де орыс тілінде қойылады.