«Alem Barysy» турнирін тамашалауға Голливуд актері келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Alem Barysy» турнирін тамашалауға Голливуд актері келеді

22.10.2014
«Alem Barysy» турнирін тамашалауға Голливуд актері келеді

Әйгілі Голливуд актері Кэри-Хироюки Тагава Павлодарда өтетін «Alem Barysy» турнирін тамашалайды. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәртебелі мейман мінген ұшақ бүгін түнде елорда әуежайына қонады.

 

Біздің анықтама:

Аты-жөні: Хироюки Тагава

Туған жылы: 1950 жыл, 27 қыркүйек

Туған жері: Жапония, Токио

Азаматтығы: АҚШ

Түскен фильмдері: «Соңғы император» (1987), «Перл-Харбор» (2001), «Memoirs of a Geisha» (2005), «Хатико: Нағыз дос» (2010), «47 ронин» (2013) және т.б;

 

Айта кетейік, «Alem Barysy» турнирінде 30-дан астам спортшы бақ сынайды. Жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары.

Хабарламаларға жазылу